АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, операция АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 21:40-та аяқталған.
– АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға жасалған кезекті ауқымды соққылар легін аяқтады. АҚШ Қарулы күштері Иранның ондаған әскери нысанын, соның ішінде жағалауды бақылау және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, әскери-логистикалық инфрақұрылымды және әскери-теңіз күштерінің объектілерін нысанаға алды, – делінген CENTCOM-ның X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Мәліметке сәйкес, операция барысында жойғыш ұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, әскери кемелер және жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілер қолданылған.
Айта кетейік, Иран үш елдегі АҚШ әскери нысандарына соққы бергенін жариялады.