Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді.
– АҚШ Қарулы күштері Шығыс жағалау уақытымен сағат 14:00-де (Астана уақытымен 23:00) Иранның әскери әлеуетін одан әрі әлсірету мақсатында бесінші түн қатарынан жаңа соққылар сериясын бастады, – делінген X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Иран үш елдегі АҚШ әскери нысандарына соққы бергенін жариялады.