Дүйсенбі күні АҚШ тарапы Иранның бірнеше катері жойылғанын растады. Ал Біріккен Араб Әмірліктері билігі елге қарсы шабуыл жасалғанын мәлімдеді.
4 сәуірде америкалық әскери кемелер Ормуз бұғазы аймағына кіргеннен кейін, Дональд Трамп Иран «қақтығысқа қатысы жоқ бірқатар елдерге соққы жасағанын» айтты. Оның сөзінше, зардап шеккендердің қатарында Оңтүстік Корея кемесі де бар.
Трамп басқа мемлекеттерді аймақтағы теңіз саудасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АҚШ-қа белсендірек қолдау көрсетуге шақырды.
– Мүмкін, Оңтүстік Корея үшін бұл миссияға қосылатын уақыт келген шығар, – деді ол.
АҚШ президентінің айтуынша, америкалық әскерилер Иранның жеті шағын әскери катерін атқылап тоқтатқан. Бұған дейін америкалық адмирал алты катер жойылғанын мәлімдеген, алайда Тегеран бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Сонымен қатар Фуджейра аймағына дрондар мен зымырандар арқылы жасалған шабуылдар туралы мәліметтерден кейін, Әмірліктер билігі Иран тарапынан болған жаңа соққыларды қақтығыстың айтарлықтай ушығуы деп бағалады. Ел басшылығы жауап қайтару құқығын өзінде сақтайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, БАӘ Иранның әуеден шабуыл жасағанын хабарлады.