Немістің ресми тұлғалары «Ислам мемлекеті» сол кезде химиялық қару қолданды деп болжап отыр.
АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Би-би-си агенттігіне қыша газы (иприт атымен белгілі уландырғыш зат) қолданылуы мүмкін деп шамалап отырғанын айтты.
Қыша газы - тыйым салынған химиялық қару, ол тері жаралары, соқырлық және тыныс жолдарының зақымдануына әкеліп соқтырады.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздігі кеңесінің баспасөз хатшысы Алистер Баски ведомствоның жағдайды бақылауын жалғастырып, жаңа ақпаратты іздестіріп отырғанын мәлімдеді.