АҚШ: Калифорнияда мыңдаған үй өртеніп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияның солтүсігінде орын алған орман өртінен мыңнан астам үй отқа оранды, деп хабарлады жергілікті өрт сөндіру басқармасы. Бір апта ішінде бес адам қаза тапты.

Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Өткен аптада мыңдаған жергілікті тұрғын үйлерін тастап, бой тасалауға мәжбүр болған. Калифорния губернаторы Джерри Браун штатта төтенше жағдай жариялады.

Жалын Сан-Франциско солтүстігінде орналасқан Миддлтон қаласына да орасан шығын әкелді.

Жедел қызмет өкілдерінің хабарлауынша, Калифорнияда осы жолғы орман өртінің өршуі барша бақылау тарихындағы ең күрделісі болып отыр.

Қыркүйек пен қазан бұл жерде жыл бойынша ең өрт қаупі жоғары айлар саналады.