— Каспий құбыр консорциумы немесе Теңізшевройл жобаларына қатысты 2025 жылдың 10 қаңтарындағы белгілеумен («Мұнай қызметтеріне тыйым салу») тыйым салынған барлық транзакцияларға рұқсат етілген, — делінген АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасының ресми құжатында.
Айта кетейік, бұған дейін КҚК бас директоры «Кропоткинская» мұнай айдау стансасында қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғанын хабарлаған болатын.
«Теңізшевройл» — Атырау облысындағы әлемдегі ең терең мұнай кен орны.
Каспий магистральды мұнай құбырының ұзындығы 1,5 мың км; экспортқа жеткізілетін қазақстандық мұнайдың үштен екі бөлігінен астамы КҚК арқылы тасымалданады.
Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жөнелтуде шектеу жоқ екенін хабарлаған.