«Біз үкіметтің мерзімнен бұрын Президент сайлауын өткізуі туралы жоспарларының егжей-тегжейін естуге асыға күтеміз» - делінген американдық елшіліктің мәлімдемесінде.
13:39, 01 Ақпан 2011
АҚШ Қазақстан Президентінің президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзартатын ұлттық референдум өткізбеу шешімін қолдайды
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Сара Мұстафина/ - Америка Құрама Штаттары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзартатын ұлттық референдум өткізбеу шешімін қолдайды. Бұл туралы біздің еліміздегі АҚШ елшілігінің таратқан мәлімдемесінде айтылған.