«Иә, бұл ақпарат рас. АҚШ-тың Қаржы министрлігі бұған дейін «Bereke bank» салынған санкцияны осы жылдың наурыз айында алып тастайды», - деді Нұргүл Салықжанова.
Еске салсақ, өткен жылы қыркүйекте «Бәйтерек» холдингі ресейлік «Сбербанк Қазақстанды» сатып алған еді.
Кейін Қазақстан «Сбербанк Қазақстанға» ребрендинг жүргізіп, «Bereke bank» деп өзгертті.
Сонымен қатар «Bereke Bank»-тің шығынын Қазақстан мемлекеті өтемейді.
«Мемлекет банктің ешқандай шығынын өтемейді. Банк сатылғанға дейін келген шығындардың бізге қатысы жоқ. Бұл – банктің бұған дейінгі акционері өзіне қабылдап алған шығындар. Яғни, 1 қыркүйекке дейін болған дүниенің бәрінің бізге тікелей қатысы жоқ. Бүкіл шығындар бізге емес, бұған дейінгі акционерінің мойнында қалды», - деді «Бәйтерек» басшысы Қанат Шарлапаев.
Фото: forbes.kz