«АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік. Коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті қабылдап алуға қатысты», - делінген министрлік ақпаратында.
Атап өтілгендей, «СҚ-Фармация» ЖШС COVID-19 індетімен күресу үшін Қазақстанға ұсынылатын барлық гуманитарлық көмекті алу және бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.