Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Мемлекеттік хатшы Керри Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдайтынын жеткізді», - деп мәлімдеді журналистерге мемлекеттік департаменттің өкілі.
Джон Керри сондай-ақ АҚШ-тың "Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығы мен әлемдік аренада өсіп келе жатқан көшбасшылық рөлін " қолдайтынын айтты. Керри мен Ыдырысов өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудегі стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп түйіндеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі. Кездесу БҰҰ Бас ассамблеясы алаңында өтті.