АҚШ, ҚХР және Үндістан ЖИ саласында бәсекеге қабілетті елдердің үздік үштігіне енді
АСТАНА. KAZINFORM — Нью-Делидің Мәскеудегі Елшісі Винай Кумар бұл елдердің Оңтүстік Корея, Жапония және Ұлыбритания сияқты танымал технологиялық көшбасшыларды басып озғанын атап өтті, деп хабарлайды ТАСС.
Мәскеудегі Үндістан елшісі Винай Кумар өз мақаласында АҚШ, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласындағы бәсекеге қабілетті елдердің үштігіне кіретіні туралы жазды.
— Бүгінде Үндістан жасанды интеллектіні енгізу, зерттеулер мен әзірлемелер дайындау, онымен жұмыс істеуге дайын кадрларды даярлау және стартап-мәдениетті дамыту саласында көш бастап тұр. Стэнфорд университетінің жаһандық ЖИ бәсекеге қабілеттілігін бағалау құралы бойынша (Global ai Vibrancy Tool) Үндістанды үшінші орынға қойды. Ол АҚШ пен Қытайдан кейінгі орында және Оңтүстік Корея, Жапония және Ұлыбритания сияқты танымал технологиялық көшбасшыларды басып озды. Өткен жылы «Маха Кумбх — 2025» көрмесінде Үндістан 1,4 миллиардтан астам адамға қызмет көрсететін әлемдегі ең ірі цифрлық қоғамдық инфрақұрылымға ЖИ-мен жұмыс істейтін шешімдерді үздіксіз біріктіре отырып, инклюзивті оқиғаларды басқарудың жаһандық стандартын жасады, — деп атап өтті дипломат.
Айта кетейік, Үндістан мен Қазақстан жасанды интеллект арқылы инклюзивті өсімді күшейтпек.