АҚШ Қызыл теңіздегі кемелерді күзету үшін жедел топ құруы мүмкін

Фото: Фото: usff.navy.mil

Қызыл теңіздегі кемелерді күзету және хуситтердің шабуылынан қорғану үшін АҚШ жедел әскери-теңіз тобын құруды жоспарлап отыр. Kazinform бұл туралы The New York Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Америка президенті Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Джейк Салливанның сөзінше, осы арқылы хуситтердің израильдік кемелерге шабуылының алдын алуға болады.

- Біз кемелер Қызыл теңізде қауіпсіз жүзуі үшін теңіздегі жедел топ құру туралы басқа елдермен келіссөз жүргізіп жатырмыз, - деп түсіндірді Салливан.

Жексенбі күні Аден шығанағында фосфор қышқылын тасымалдап бара жатқан Central Park танкерін хуситтер басып алды.

АҚШ ӘТК әскери кемесі коммерциялық танкердің апаттық белгісін дереу қабылдап, кемені босатты.