АҚШ көлік өнеркәсібінің астанасы Детройт банкротқа ұшыраудың сәл-ақ алдында тұр

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Детройт 18,5 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қарызды өтеуді ішінара тоқтатты. Бұл қаланың банкротқа ұшырағанын жариялаудың бастамасына айналуы ықтимал, деп жазады Reuters. Детройттың төтенше сыртқы басқарушысы Кевин Орр қарыздың бір бөлігін төлеуге мораторий жариялап, несие берушілерге ішінара өтемақы ұсынды.

Fitch және S&P сарапшыларының байламынша, Детройттың ақыр аяғы банкроттыққа ұшырайтыны даусыз. Егер АҚШ-тың көлік астанасы тақырға отырса, бұл Мичиган штаты үшін қарыз құнының артуына әкеліп соғады.

Бүгінгі таңда Детройтта 700 мыңнан астам адам тұрады. Шамамен олардың үштен бір бөлігі кедейлікті бастан кешіріп отыр.