— Біз іс жүзінде 25 пайыздық тариф аламыз. Бірақ көлікті Құрама Штаттарында құрастыратын болсаңыз, тарифтер болмайды, — деді ол.
Ақ үйдің сендіруінше, автокөлік импортына салынатын тарифтер ішкі өндіріске септігін тигізеді, бірақ сонымен бірге жаһандық жеткізу тізбегіне сүйенетін автомобиль өндірушілеріне қаржылық қысым көрсетуі мүмкін.
— Бұл өсімді ынталандыруды жалғастырады, — деп сендірді Трамп.
Алайда жаңа тарифтерді енгізу тіпті америкалық автоөндірушілер үшін де қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін, өйткені олар құрамдас бөліктерді бүкіл әлемнен сатып алады. Бұл олардың жоғары шығын мен сатылымның төмендеуіне тап болуы мүмкін дегенді білдіреді.
25 пайыздық баж туралы жарияланғаннан кейін General Motors акциялары шамамен 3 пайызға, ал Jeep пен Chrysler акциялары 4 пайызға жуық құлады.
Айта кетелік Қытай АҚШ-тың жаңа баж салықтарына байланысты ДСҰ-ға шағым түсірген еді.