АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның портреті Колорадо штатындағы қоймадан жоғалып кетті. Бұл туралы Денвердегі Федералдық тергеу бюросы X желісіндегі парақшасында хабарлады.
Вашингтонның портреті 19 ғасырдың басында салынған.
Картинаның қайда екені туралы кез келген ақпарат үшін полиция сыйақы ұсынып отыр.
Портреттің тарихи маңызы бар. Оны 1796 жылы америкалық суретші Гилберт Чарльз Стюарт салған. Суретші Стюарт өмірінде Джордж Вашингтонның бірнеше портретін салған, бірақ бұл портрет Вашингтонның портретін долларлық купюраға салу үшін қолданылды. Стюарт көзі тірісінде оның 130 көшірмесін жасаған.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.