АҚШ Конгресі соғысқа 100 миллиардқа жуық доллар бөліп отыр

ВАШИНГТОН. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттары Конгресінің Өкілдер палатасы ел армиясының Ирак пен Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттерін қаржыландыруға 96,7 миллиард доллар бөлінуін мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап.Қаржы пакетінде сондай-ақ Пәкістанның «Талибан» радикалды қозғалысымен де күресу үшін арнайы ақша қарастырылған.