АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Трамптың салықты азайту туралы заң жобасын мақұлдады

Фото: House TV

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл – Дональд Трамптың президенттігінің екінші мерзімінде заң шығарушылық қызметіндегі бірінші ірі жетістігі, деп хабарлайды Kazinform CNN-ге сілтеме жасап. 

Өкілдер палатасы Трамптың салықты азайту туралы заң жобасын мақұлдады. Оның ішінде салықтар мен федералды шығындарды қысқарту, сондай-ақ Пентагон мен шекара қауіпсіздігін қаржыландыруды ұлғайту да бар екенін айта кеткен жөн. 

Кейінгі күндері АҚШ президенті мен оның одақтастары шешім қабылдамаған партия мүшелеріне қысымды күшейтіп, бұл шаралар Трамптың иммиграция және салық саясаты сияқты мәселелерде мұрасын нығайтуға, соның ішінде науқандағы негізгі уәделерін орындауға көмектеседі деп сендірді. Сонымен қатар әлеуметтік қауіпсіздік жүйесіне федералды қолдауды тарихи қысқарту арқылы шығындарды шектеу әрекеті болады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ Сенаты Трамптың салықты азайту туралы заң жобасын мақұлдағанын хабарлаған едік.