Бүгінде АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияны «еуропалық ел» ретінде жіктейді. Егер заң жобасы қабылданса, ол Иран, Сирия және Ливиямен бір дипломатиялық санатқа көшіріледі.
Атап айтқанда, заң жобасы Мемлекеттік департаменттен 90 күн ішінде Түркияның дипломатиялық мәртебесін қайта қарауды және оның Еуропадан шығарылуының салдарын бағалауды талап етеді.
Түркия үкіметі Конгресс мүшелерінің елдің сыртқы саясаты мен еуропалық бағытын сипаттауына келіспейтінін білдірді, деп хабарлайды FOX News.
— Түркияның еуропалық сәйкестігі — даусыз тарихи және геостратегиялық факт. НАТО-ның, Еуропа Кеңесінің, ЕҚЫҰ-ның белсенді мүшесі және ЕО-ның ассоциацияланған мүшесі ретінде Түркия еуропалық институттық құрылымдардың және олар білдіретін әмбебап құндылықтардың ажырамас бөлігі, — деді Вашингтондағы Түркия елшілігінің өкілі.
Айта кетелік Түркия халқының 30%-дан астамы ескі үйлерде тұратыны туралы жазған едік.