деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау (INL) мекемесі халықаралық есірткімен күрес саласындағы ірі агенттіктердің бірі саналады. АҚШ Үкіметінің әлемдегі қылмыспен күрес саласын реформалауға бағытталған жетекші мекемесі қазіргі уақытта әлемнің 70 елінде шамамен 2,6 миллиард доллардың бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. Ұзақ жылдар бойы INL саясаты есірткімен күреске бағытталып келген еді. Уақыт өте келе біз жұмыс аясын қылмыстық іс жүргізу саласын реформалау және құқық қорғау органдарының әлеуетін күшейту сауалдарына дейін кеңейттік", дейді Дэвид Джонсон. АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Мемлекеттік хатшы көмекшісінің айтуынша, бұл мекеме түрлі кикілжіңдер болып жатқан және оны бастан өткізген елдерде жұмыс жасайды. Қай елде жұмыс істеп жатқанымызға қарамастан, INL-дің басты мақсаты - өз елдері шекараларының аясында қылмыстық ортаның қаупін азайтуда әріптестеріміздің әлеуетін арттыру, мемлекетаралық қылмыстық топтар мен қылмыскерлердің ұясын бұзу.