АҚШ Қырғызстанда тағы бір әскери база құруды жоспарлауда

АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ Қырғызстанда, Ош қаласына жақын жерде тағы бір әскери база құруды жоспарлауда, - бұл туралы Washington Post басылымы жазып отыр, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансасы.

АҚШ Қорғаныс министрлігі, ол жерге сарбаздарға арналған казармалар мен офицерлерге арналған жатақханалардың жайғастырылатынын мәлім етуде. Онда орналасатын жеке құраманың қолында атыс қаруларымен қоса, минометтер және гранатометтер болады. Ол жерге ауыр артиллерия мен сауытты техника орналастыру жоспарланбаған.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, аталған аумақты жалдау ақысы жылына 10 миллиондай долларды құрайтын болады.