Кездесу барысында американ тарапы АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери-экономикалық белсенділігі туралы, алдағы уақытқа жоспарланып отырған іс-шаралары жайлы хабардар етті.
АҚШ Мемхатшысы көмекшісінің орынбасары Ауғанстандағы операциялар бойынша АҚШ-қа көрсетіп отырған қолдауы үшін Қырғыз Республикасына алғыс білдірді.
Президент Роза Отынбаева өз кезегінде елдегі қауіпсіздікті, құқық тәртібін қамтамасыз ету, лаңкестікпен және экстремизм көріністерімен күресу бағытында жүргізіліп отырған саясат туралы айтып берді.
Кездесу барысында тараптар сондай-ақ мемлекет шекарасының күзетін күшейтуге көмек көрсету мәселелерін талқылады.