Лаңкестер айдап әкеткен ұшақтардың алғашқысы осыдан 9 жыл бұрын дәл осы уақытта Манхэттендегі Дүниежүзілік сауда орталығының солтүстік мұнарасын соққан болатын. Егіз мұнараның орнында Нью-Йоркте және Вашингтон мен Шэнксвилл қалаларында болған лаңкестік әрекеттердің құрбандарының аты-жөндері оқылады.
2001 жылы болған лаңкестік әрекеттің салдарынан, соңғы деректер бойынша, 2 мың 977 адам қаза болды (19 лаңкесті қоспағанда) және 6 мыңнан астам адам зардап шекті. Қаза болғандардың арасында әлемнің 90-нан астам елінің азаматтары болған.