АҚШ, Қытай және Ресей миллиардерлердің саны бойынша көш басында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда (Гонконг, Макао және Тайваньді есептегенде) қазір 358 долларлық миллиардер бар.

Бұл көрсеткішпен ол АҚШ-ты (481 адам) ғана алға жіберіп алған. Үздік үштікті әзірге Ресей (103) тұйықтап тұр. Одан кейінгі орынға Ұлыбритания мен Үндістан жайғасты. "Хужунь" қытайлық журналы жүргізген зерттеу нәтижесі осындай, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Басылым мәліметіне қарағанда, бүгінде әлемде 1867 миллиардер тіркелген. Бұл өткен жылғыдан 414-ке артық. Олардың ақша жиынтығы 6,9 трлн долларға жетті. Бұл әлемдегі 3-ші орындағы экономикалық держава - Жапонияның жылдық ЖІӨ-нен асып түседі, делінген баяндамада.