АҚШ Ливиядан шыққан босқындарға көмекке әскери ұшақтар жібереді

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Ливиядан Туниске қашқан Мысыр азаматтарын еліне жеткізу үшін, америкалық әскери ұшақтар пайдаланылады, деп мәлімдеді АҚШ Президенті Барак Обама.

Бұл туралы Лента.ру CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Барак Обама мұндай мәлімдемені бейсенбі, 3 наурызда Ақ үйдегі Мексика Президенті Фелип Кальдеронмен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында жасады.

Сонымен қатар Обама Халықаралық даму агенттігіне (U.S. Agency for International Development - USAID) Ливиядан қашқан шетелдіктерді еліне жеткізу үшін қосымша азаматтық ұшақтар жалдауды тапсырғанын тілге тиек етті. Тунистен қанша босқын-мысырлық шығарылатыны әзірге белгісіз.