Бұған дейін АҚШ Муаммар Каддафидің күштері мен нысандарына әуеден соққы беруді уақытша тоқтата тұру жөнінде жариялаған болатын.
Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, Ливияны бомбылауды жалғастыруға НАТО басшылығы қолқа салған. (31 наурыздан Ұйым Солтүстік Африка елдерінде әскери операцияны ресми басқарып келеді). Ауа райының нашарлауына байланысты Брюссель альянстың басқаруына бірнеше американдық бомбалаушы ұшақтарды қалдыруды сұрап отыр.