08:23, 22 Сәуір 2009
АҚШ «Манастың» орнына басқа база құрмайтын болды
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Қырғызстандағы «Манас» базасынан кеткеннен кейін АҚШ Орталық Азияда жаңа әскери база құрмайтын болады.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. «Біз «Манастың» орнына әскери база құру үшін Орталық Азиядан жер іздемейміз. Ауғанстан бағытында «Манас» авиабазасы арқылы жүргізіп келген операцияларды біз басқа өңірден де жүзеге асыра аламыз», дейді Ричард Баучер.