АҚШ математигі танымал қарапайым сандардың ең үлкенін алды

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Американдық ғалым Куртис Купер қазіргі кезде танымал қарапайым сандардың ең үлкенін - Мерсеннің 48-ші санын алды.

Бұл туралы GIMPS үйлестірілген есептеулер жобасының сайтында хабарланды.

Есептеп шығарудың ондық жүйесінде алынған санның жазбасы 17 млн. 425 мың 170 белгіден тұрады. Салыстыру үшін мұның алдындағы рекордшының тапқан санының ұзындығы 12 млн. 948 мың 189 белгіден тұратындығын айтсақ та жеткілікті.

Естеріңізге сала кетейік, тек қана өзіне және бірге бөлінетін сан қарапайым деп аталады.