Мексика президенті Клаудия Шейнбаум АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Вашингтонның мексикалық тауарларға енгізген 25 пайыздық баж салығын бір айға тоқтататынын мәлімдеді.
- Бұдан былай [АҚШ енгізген] тарифтер бір айға тоқтатылды, - деп жазды Шейнбаум X желісіндегі парақшасында.
Шейнбаум АҚШ президенті Трамппен әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынас пен Мексиканың егемендігіне үлкен құрмет көрсетілгенін айтты.
- Мексика Мексикадан АҚШ-қа есірткі тасымалының, әсіресе фентанилдің алдын алу үшін 10 000 Ұлттық гвардия әскерімен солтүстік шекараны дереу күшейтеді, - деді Шейнбаум.
Оның сөзінше, Америка Құрама Штаттары Мексикаға заңсыз қару-жарақ жөнелтілуіне жол бермеуге тырысады.
- Бүгіннен бастап біздің командалар екі бағытта жұмыс істей бастайды: қауіпсіздік және сауда, - деді Мексика президенті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иордания королі Абдалла II келесі аптада Ақ үйде Трамппен кездесетінін хабарлаған едік.