АҚШ мексикалық Sinaloa картелінің көшбасшысы туралы ақпарат үшін 5 млн доллар береді

Фото: armenpress

АСТАНА. KAZINFORM –АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті мексикалық Sinaloa есірткі картелінің көшбасшысы Хуан Хосе Понсе Феликсті және Хесус Алехандро Санчес Феликс пен Эль Руссо есімімен белгілі адамдарды ұстауға көмктесетін ақпарат үшін 5 миллион доллар сыйақы бермек.

Арменпресс – тің хабарлауынша, мәлімдемеде Федералды тергеу бюросы мен Есірткімен күрес басқармасының мәліметтері бойынша іздеу салынған адам La Mayiza бандасына кіретін Los Rusos қылмыстық тобының қарулы қанатының көшбасшысы болып табылады.

Мәлімдемеге сәйкес, La Mayiza фентанил, кокаин, марихуана, героин мен метамфетамин өндірумен және оны Мексиканың солтүстік-шығыс өңірлерінен АҚШ-қа жеткізумен айналысады.

Хуан Хосе Понсе Феликсті Калифорния билігі рэкет, есірткі саудасы, қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату, қару саудасы үшін он жылдан бері іздестіріп жатыр.

Осыған дейін АҚШ Колумбияны есірткіге қарсы күресте ынтымақтаспайтын елдер қатарына қосқаны туралы хабарладық.