Бұл оқиға Сиэттлдан солтүстікке қарай Мэрисвилл қаласының мектебінде орын алды. 15 жастағы Джейлин бір столда отырған өзінің бес сыныптасын атып тастады. Содан кейін өзін-өзі атып өлтірді.
17 жастағы қыз оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір оқушы қыз сенбі күнгі алған жарақаттарынан кейін қаза болды. Тағы үш жасөспірім ауруханада жатыр, олардың екеуінің жағдайы ауыр.