АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні АҚШ-тың солтүстік батысындағы Вашингтон штатының Спокан қаласындағы мектептердің бірінде болған атыс салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп жазады жергілікті KHQ Local Newsсо басылымы.
«Атыс Freeman мектебінде болды. Бастауыш және орта мектептер жабылды.
Оқиға орнында полициялар мен дәрігерлер жұмыс жасап жатыр», - делінген Спокан шерифінің Твиттер парақшасындағы хабарламасында.
Шериф мәліметінше, полиция мектеп ғимаратын тексеріп жатыр.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.