Сапардың мақсаты - ғылым мен технологиялар саласындағы АҚШ пен Қазақстанның ынтымақтастығын әрі қарай дамыту бойынша консультациялар өткізу болып табылады.
1 ақпанда доктор Керри-Энн Джонс Орталық Азия бойынша өңірлік экологиялық орталыққа ат басын тірейді. Онда өтетін кездесуге АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің Орталық Азиядағы экология, ғылым, технология және денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын өкілдері қатысады.
Американдық қонақ сондай-ақ Аралды қорғау халықаралық қорында болып, еліміздің эколог-ғалымдарымен кездеседі.