АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі араб елдеріне сапарын бастады

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Таяу Шығыс істері бойынша көмекшісі Джеффри Фельтман 2011 жылдың 22 ақпаны мен 2 наурыз аралығында бірқатар араб елдеріне сапар шегеді.

РБК хабарлағандай, Джеффри Фельтман Катар, Куәйт, Бахрейн, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінде болады.

Американдық билік өкілдерінің айтуынша, іссапардың негізгі мақсаты - АҚШ-тың аталған елдермен ұзақ мерзімді қатынастарға ынталы екенін, сонымен қатар адамның жалпы құқықтары, ойды еркін жеткізу бостандығы және демократиялық ұстанымға берік екендігін көрсету болып табылады.