Ташкенттегі АҚШ елшілігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі бюросының көмекшісі Роберт Блейк Түрікменстан мен Өзбекстанға сапар жасайды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Р.Блейк жыл сайынғы екіжақты консультациялар өткізу үшін 2011 жылдың 14-19 ақпан аралығында Түрікменстан мен Өзбекстан елдеріне баратын ведомствоаралық делегацияны басқарады.