Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы Қарағанды облысындағы шахтада болған адамдардың өліміне қатысты хабарды ерекше күйзеліспен қабылдады және марқұм болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің барлығының сауығып кетуін тіледі.
Қазақстан халқына АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Құрама Штаттарда акредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері де көңіл айтты.
Қазақстандағы қайғылы жағдай қабырғасын қайыстырған барлық адамдарға арнап «Көңіл айту кітабы» қойылды.