АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Өзбекстанға барды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жексенбі күні кешке Өзбекстанға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап, Report жазды.

Фото: Gazeta.uz.

Дүйсенбіде Самарқандта АҚШ-Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесінің екінші отырысы мен C5 1 форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.

Рубионы Самарқанд әуежайында Өзбекстан Президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева, Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Айта кетейік, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бастаған Иран делегациясынан елден дереу кетуді талап еткен еді.