«Флорида губернаторы Рон Десантис дауыл алдында Флориданың 35 округінде төтенше жағдай жариялады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығы (NHC) тропикалық «Милтон» дауылы Мексика шығанағында соғып, келесі аптаның ортасында АҚШ-тың Флорида штатына жетуі мүмкін екенін хабарлаған.
CNN телеарнасы қыркүйекте АҚШ-тың оңтүстік-шығысында болған «Хелен» дауылы құрбандарының саны кем дегенде 227 адамға жеткенін хабарлады.
АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Алехандро Майоркас Төтенше жағдайларды басқару агенттігінде (FEMA) дауыл маусымының қалған бөлігіндегі дауыл салдарымен күресуге қаражат жеткіліксіз екенін айтты.