Клэй округі шериф кеңсесінің мәліметінше, жұмысшылар бетон құйып жатқан кезде көпір құрылысшылардың үстіне құлаған. Оқиға салдарынан төрт адам үйіндінің астында қалып, үшеуі өз бетінше шыққан. Олар түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті биліктің мәліметінше, көпір құлаған кезде оқиға орнында бірнеше мердігер компания болған. Екі жолақты көпір 2016 жылдан бері жабық тұрған. Құрылыс 2021 жылдың мамыр айында басталып, 2023 жылдың басында қайта ашылады деп жоспарланған. Полицияның мәліметінше, құрылыс кезінде қауіпсіздік шаралары сақталған. Инженерлік мердігер бетон құймас бұрын көпірді тексерген. Жазатайым оқиғаға қатысты тергеу АҚШ Еңбек министрлігінің Еңбекті қорғау және қауіпсіздік басқармасына тапсырылды
Фото:abcnews.go.com