Американ өкіметі өкілдерінің хабарлауынша, олай етуге Таяу Шыңыс елдерінен «қара алтын» жеткізілімінің төмендеуі салдарынан отын бағасының қымбаттауы себеп болып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Б.Обама әкімшілігінің басшысы, JPMorgan компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Уильям Дейлидің айтуынша, үкімет проблеманы шешудің түрлі мүмкіндіктерін қарастыруда және «резервтік қорды пайдалану солардың бірі».
Естеріңізге сала кетейік, «қара алтын» жеткізу елдердегі тәртіпсіздіктерге байланысты мұнай баррелінің бағасы 100 доллардан асып кетті.