АҚШ мұсылман әлемін дамытуға бағытталған шаралардың жаңа бағдарламасын ұсынады - Хиллари Клинтон

АСТАНА.  Қарашаның  4-і. ҚазАқпарат -  АҚШ  өкіметі мұсылман әлемімен қарым-қатынастағы жаңа   кезеңді бастау   туралы  президент Барак Обаманың    уәдесін  ұстанатын  болады.

Бұл туралы  сейсенбі күні Марокконың  Марракеш қаласында      өткен  «Келешекке арналған   форумда» АҚШ мемлекеттік  хатшысы Хиллари Клинтон мәлім етті,  деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС агенттігі.

 Мемлекеттік  хатшының айтуынша,   Вашингтон   ислам әлеміндегі кәсіпкерлікті  ынталандыруға,     экономика  мен білім    беру  саласын дамытуға бағытталған     жаңа бастамалар   ұсынуды  жоспарлап отыр.  Ол ұсыныстар   сонымен бірге,   ғылыми-техникалық  ынтымақтастықты   қолдауға,       мұсылман қоғамдарындағы  әйелдердің ролін    көтеруге   және   түрлі  діни  конфессиялар өкілдерінің арасындағы диалогты дамытуға      бағытталатын болады,  деді   Х.Клинтон.