«Біз Мысырға елдегі саяси тұрақтылықты және экономиканы қалпына келтіру үшін 150 млн. доллар бөлеміз», - деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сенаторлармен өткен мәжiлiстiң қорытындысы бойынша.
Х.Клинтон сондай-ақ таяу уақытта Мемлекеттік хатшының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уильям Бернс пен АҚШ президентінің халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі кеңесшісі Дэвид Липтон Каирге баратынын хабарлады. Лауазымды шенеуніктердің сапары барысында Вашингтонның Мысырға көмек көрсетудегі нақты басымдықтары анықталатын болады, деп ақпарат береді "Синьхуа".