АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обаманың әкімшілігі Мысырға бағытталатын жылына жүздеген миллион долларға пара-пара экономикалық әрі әскери көмекті қысқартуға ниеттеніп отыр.
Вашингтонның бұған орай мәлімдемесі осы аптада жария етіледі деп күтілуде. Бұл жайында шетелдік БАҚ жазуда.
АҚШ шілде айының басында демократиялық жолмен ең бірінші сайланған Мұхамед Мурси биліктен шеттетілгеннен кейін Мысырға берілетін көмекті қысқарту мәселесін қарастыра бастады. Ол уақытта елдегі биліктің ауысуы мысырлық әскери қызметшілердің іс-қимылдары нәтижесінде орын алған еді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.