АҚШ: Огайода 8 адамды атып кеткен қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 25 мың доллар сыйақы тағайындалды

АСТАНА. Қазақпарат - Цинциннатилік стейкхаус иесі Джеф Руби Огайо штатының оңтүстігінде бір отбасының 8 адамын өлтіріп кеткен күдіктіні тұтқындауға жәрдемдесетін ақпарат берген адамға 25 мың доллар сыйақы ұсынды.

Бұдан бұрын штат билігі күдікті оқиға орнынан Пайктон қалашығына жасырынуы мүмкін екенін, әзірге іздеу нәтиже бермегенін мәлімдеген.

Билік күдікті қарулы әрі қауіпті екенін ескертті. Әрі шабылдаушылар бірнешеу болуы да мүмкін.

Огайо оңтүстігіндегі ауылда Роден отбасынан 8 адамды өлтіріп кеткені туралы ақпарат 22 сәуірде белгілі болған.

Қаза болғандардың ішінде - жеті ересек, бір 16 жастағы жасөспірім бар.

Туғанына 4 күн болған бір сәби мен үш жасқа толмаған екі бүлдіршін ғана аман қалған.