АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Орталықафрикалық республиканың тұрғындары мен билігін елдегі жағдайды тәртіпке келтіруге шақырды.
Сонымен қатар Обама АҚШ тарапы бұл африкалық елдегі Францияның әскери күш-жігерін қолдауға дайын екендігін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын француздық билік Орталықафрикалық республикадағы ахуалды реттеу үшін әскери контингент жіберген еді. Билікке төңкеріс нәтижесінде келген президент Мишель Джотодия елдегі қаруланған топтарды қадағалауға мүмкіндігі жоқ екенін мойындаған болатын.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.