АҚШ Орталық Азиядағы көміртегі шикізатын тасымалдауға қолдау көрсетуге қашанда әзір ? АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі

None
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық Азиядағы көміртегі шикізатын тасымалдауға қолдау көрсету – АҚШ-тың ұзақмерзімді саясатындағы басым бағыттарының бірі. Болашақта аталған шикізат түрінің бірі Солтүстікке, Шығысқа бағытталатын болса, ендігі бірі Батысқа шығатын болады.
Бұл туралы бүгін АҚШ-тың елордадағы елшілігінде журналистермен жүздескен Құрама Штаттардың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ричард Хоугланд мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, жағдайдың бұлайша қалыптасуы Қазақстанның көпвекторлы саясаты үшін де тиімді. «Өздеріңіз білесіздер Қазақстан саясаты барлық мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас орнатуға бағытталған. Мен Барак Обама әкімшілігінің де осы саясатты қолдайтындығына кәміл сенемін. Өйткені, бұл ? мұнай өндіруші компанияларды қоса алғанда, барлығы үшін де тиімді шара. Ал транскаспий бағыты жөнінде сөз қозғайтын болсақ, бұл реттегі мәселелер саясаттан гөрі, көбіне коммерциялық мүддеге байланысты», деді елші.