Өрт 95 740 акрдан (38 000 гектар) астам аумақты шарпыды. Егер ол өсе беретін болса, ол 2025 жылы АҚШ-тағы ең үлкен өртке айналуы мүмкін.
Өртті сөндіруге 900-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды. Әзірге өрттің 49 пайызы ауыздықталды.
АҚШ-тың Ұлттық ведомствоаралық өрт сөндіру орталығының мәліметі бойынша, жыл басынан бері елде 40 934 дала өрті шықты, бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш.
Еске сала кетейік, АҚШ-та өрт кезінде болған атыстан екі өрт сөндіруші қаза тапты.