АҚШ өз елінің азаматтарының ҚХДР-дан кетуін талап етті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті өз елінің КХДР-да жүрген барлық азаматтарынан 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ол елден кетуін талап етті, деп жазады Gazeta.ru.

«Осы уақытта АҚШ паспортымен Солтүстік Кореяда жүрген азаматтардың барлығы 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін, яғни жол жүру мүмкіндігіне шектеу қойылатын талап күшіне енгенге дейін ол елден кетулері керек»,-делінген ведомствоның хабарламасында. 

Мемлекеттік департамент өкілдері АҚШ паспорттарының енді КХДР-ға бару үшін немесе ол елден өту үшін қолданылмайтындығын ескертті. Бұл тыйым бір жылға созылады және бұл мерзім болашақта ұлғайтылуы да мүмкін.

Хабарламада журналистер мен гуманитарлық ұйым өкілдері үшін және АҚШ-тың «ұлттық қауіпсіздігімен байланысты» оқиғалар кезінде қолданылмайтындығы айтылған.

Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында АҚШ-тың өз азаматтарына Солтүстік Кореяға баруғы тыйым салатындығы туралы айтылған болатын.