«Осы уақытта АҚШ паспортымен Солтүстік Кореяда жүрген азаматтардың барлығы 2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін, яғни жол жүру мүмкіндігіне шектеу қойылатын талап күшіне енгенге дейін ол елден кетулері керек»,-делінген ведомствоның хабарламасында.
Мемлекеттік департамент өкілдері АҚШ паспорттарының енді КХДР-ға бару үшін немесе ол елден өту үшін қолданылмайтындығын ескертті. Бұл тыйым бір жылға созылады және бұл мерзім болашақта ұлғайтылуы да мүмкін.
Хабарламада журналистер мен гуманитарлық ұйым өкілдері үшін және АҚШ-тың «ұлттық қауіпсіздігімен байланысты» оқиғалар кезінде қолданылмайтындығы айтылған.
Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында АҚШ-тың өз азаматтарына Солтүстік Кореяға баруғы тыйым салатындығы туралы айтылған болатын.