Беларус билігінің бұл әрекетін Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сынға алды. Олар сондай-ақ, Беларус билігінің 2010 жылдың 19 желтоқсанындағы Мемлекет басшысын сайлаудан соң тұтқындалған оппозициялық үміткерлерді босатуларын сұрады.
2010 жылдың 31 желтоқсанында Белорус Сыртқы істер министрлігі Минскідегі ЕҚЫҰ кеңсесінің мандатын ұзартпайтыны жайлы хабарлаған болатын.
Ресми Минск ЕҚЫҰ-ның белорустық кеңсесінің іс-қимылын саралай келе, кеңсе мандатының орындалғандығын көруге болады деп отыр.
Белорус Сыртқы істер министрлігінде бұл жайлы "Латвия, Эстония және Грузия елдерінің тәжірибесіне қарасақ, соңғы жылдары бұл мемлекеттерде де белгілі бір мерзімнен кейін ЕҚЫҰ-ның өкілдіктері жабылған. Бұл қадам бірнеше жылдардан бері ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтерінде қарастырылған", - деді.