Бүгін Алматыда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар, шеру, пикеттер, демонстрациялық жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыру тәртібі туралы» жаңа заң жобасы талқыланды.
«Біздің қоғам дамып келеді. Бізде де митингілер өтетін болады. Бірақ барлығы халықаралық стандартқа сай болуы тиіс. Біз халықаралық қауымдастық алдында ұятқа қалмауымыз керек. Еуропа мен АҚШ-та өтіп жатқан митингілердің ең жақсы үлгісін алуымыз керек. Ақиқат айтыста туады демекші, бүгін соны талқылау үшін жиналдық», - дейді ол.